Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әкімі халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: UGC

Елорда басшысының ақ тілегі оның Instagram парақшасында пайда болды.

"Құрметті Елордалықтар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Бұл – өткенді саралап, келешек жоспар құратын белесті сәт, жалпыхалықтық мереке. 2019 жыл еліміз бен елордамыз үшін жаңа өзгерістер мен жарқын бастамалар жылы болды. Келер жылдан күтеріміз көп, жоспарымыз айқын. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жаңа жылда әр отбасыға амандық, бақ-береке, табыс тілеймін! Жаңа 2020 жыл құтты болсын!", -деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысының сөзінің мәтінін жариялады.

Сонымен қатар, Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, өткен жылдағы екіжақты қарым-қатынастардың бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшылары бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Көшбасшылар Ресей мен Украина арасындағы саяси және экономикалық саладағы қарым-қатынастардың соңғы оқиғаларына тоқталып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834422-nr-sltan-kimi-halykty-zaa-zyl-merekesimen-kttyktady/

pixel