Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл түні елордада саяжай өртеніп, екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Жаңа жыл түнінде елордадағы "Авиатор" саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

1 қаңтар сағат 03:23-те "Қала маңы" тұрғын ауданының "Авиатор" саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен еркектің мәйіті. Өрттің себебі анықталуда",-делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 16 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Ақтауда ерекше жаңажылдық автокөлік пайда болды. Қала тұрғыны Виталий өз көлігін түрлі түсті гирляндалармен безендіріп, осылайша халықты мерекемен құттықтамақ болған. Алайда, жол полициясы автокөліктің нөмірін шешіп, жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылымен құттықтады.

Одан бөлек, Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, өткен жылдағы екіжақты қарым-қатынастардың бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшылары бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834429-zaa-zyl-tni-elordada-saazaj-rtenip-eki-adam-kz-zmdy/

pixel