Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Опубликовано:

Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: qazaqtimes.com
Фото: qazaqtimes.com: Twitter

Бұл хабарды саясаттанушы Ерлан Сайыров растады.

"Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті", - деп жазды Е. Сайыров Facebook желісінде.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған.

1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары - Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған. 1982 – 1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы - АӨК басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылдары - Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.

1995 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті Агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Серікболсын Әбділдин - 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.

Айта кетейік, жаңа жыл түні елордада саяжай өртеніп, екі адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834432-kogam-kajratkeri-serikbolsyn-bdildin-mirden-tti/

pixel