RU
Маңғыстауда биіктігі 17 метрлік жасанды шырша отқа оранды

Маңғыстауда биіктігі 17 метрлік жасанды шырша отқа оранды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында жасанды шырша отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Бүгін таңғы 06:10-да Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Маңғыстау кентінің орталық алаңында тұрған жаңажылдық жасанды шырша өртенді. "Шыршаның биіктігі – 17 метр. Өрт сөндірушілердің күш салуымен қызыл жалын таңғы 06:25-те өшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала себеп – электр желісінің қысқа тұйықталуы",- делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 5 адам және бір техника жұмылдырылды.

Айта кету керек, жаңа жыл түні Алматыда бизнес-орталық өртенді.

"Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі «Grand Asia» бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады.
Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі - пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау(,- делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel