Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық "полицей" балақай жұртты жаңа жылмен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Балалар ертеңгілігінде полицейдің киімін киіп, желіде танымал болған алматылық алты жасар Нұрислам жаңа видео түсірді. Ол көпшілікті жаңа жылмен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/nurislamnurhanuly
Фото: instagram.com/nurislamnurhanuly: Depositphotos

Бейнежазба балақайдың Instagram парақшасында жарияланды. Нұрислам полицей формасын киіп, бокалдағы сусынмен бірге Қазақстанды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

"Жаңа жыл құтты болсын, Қазақстан!", - деді ол.

Артынша бокалды жоғары көтеріп, жымиған балақайдың видеосы бірден жүздеген лүпіл жинады. Пікір білдірушілер де Нұрисламды жаңа жылмен құттықтады.

Алматылық бірінші сынып оқушысы осыға дейін ертеңгілікке полицейдің киімімен келіп, желіде танымал болған еді. Кішкентай ғана "тәртіп сақшысының" суреті әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Ол мемлекеттен тыс та танымалдылық жинап үлгерді.

Алты жастағы "полицейді" Ішкі істер министрлігі де байқап, министрлік басшысының атынан сыйлық табыс етті. Сонымен қатар, ол нағыз тәртіп сақшысының жұмысымен танысты. Нұрислам, тіпті, патрульді автокөлікке де отырып көрді.

Осыған дейін балақай патрульді көліктің ішін бір көзбен көруді армандаған екен. Бірінші сынып оқушысы мектеп аяқтаған соң Ішкі істер министрлігі академиясына оқуға түсуді жоспарлауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834461-almatylyk-policej-balakaj-zrtty-zaa-zylmen-kttyktady-video/

pixel