Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асүйдегі майдың иісін қалай кетіруге болады

Опубликовано:

Мереке алдында әрбір қыз-келіншек дастарханды жайнатып тастау үшін түрлі пісірмелер, салаттар жасаудың қамына кіріседі. Алайда осы ас тағамдарды дайындағанда, картопты, балықты, тауық еттерін қуырып немесе бауырсақ пісірген кезде үйдің ішін майдың исі жайлап алады. Ал оның оңайлықпен кете қоймайтыны белгілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Ernur.kz
Көрнекі фото: Ernur.kz: Instagram

Сәбіздің пайдасы

Майдың жағымсыз иісін азайтудың ең бір қарапайым тәсілі – сәбізді пайдалану. Бар болғаны май қызған кезде ештеңе қуырмай тұрып, алдын-ала бір сәбізді ұсақтап турап майға салып алған дұрыс. Бір қуырып алған соң сәбізді алып тастап артынан қалаған өнімді салып ала беруге болады. Бұл әдіс майдың иісін бірнеше есе азайтады.

Кепкен нан ұнтағы май иісін шығармайды

Бұл әдіс барлық адамға бірдей ұнай бермейді. Себебі кептірілген нан ұнтағы бар тағамды екінің бірі сүйсініп жей бермейді. Бірақ дәл осы нан ұнтағына аунатылып қуырылған ет өнімдерінен майдың иісі шыға қоймайды. Дәмі ерекше татымды бола түсуі үшін кепкен нан ұнтағына аз ғана сүт, жұмыртқа, бірнеше тамшы лимон шырыны және аз ғана сыра қосып жіберуге болады. Мұндай сұйық қоспаға салынып алып қуырылған ет өнімдері жұмсақ, дәмі татымды болады және ас үйден жағымсыз майдың иісі шықпайды.

Майдың иісін май алады

Қуыруға ең дұрысы тазартылған өсімдік майы екені белгілі. Алайда майдың иісі бұрқырап үйдің ішін алып кетпесін десеңіз, көп өнім қуырған кезде майды қарайғаннан кейін қайта жаңалап тұруға тырысу керек. Мұның басты себебі – денсаулыққа кері әсері. Қатты қарайған майға қуырылған өнімнің дәмі де өзгеше татымсыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834471-asjdegi-majdy-iisin-kalaj-ketiruge-bolady/

pixel