RU
Қазақстан құрамасының үздік жартылай қорғаушысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының үздік жартылай қорғаушысы ресейлік клубқа ауысты

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей чемпионатында өнер көрсететін "Оренбург" клубына ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Исламбек Қуат, фото: Sports.kz

Исламбек Қуат, фото: Sports.kz

"Оренбург" футбол клубы Исламбек Қуатпен келісімшартқа қол қойылғандығын Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Астана", "Оқжетпес", "Ақтөбе" клубтарында доп тепкен жартылай қорғаушының 2014 жылдан бері алматылық "Қайратта" ойнағаны белгілі.

Sports.kz басылымы мәліметінше, Исламбек Қуат ресейлік ұжымдағы қымбат футболшының бірі атанған. Оның нарықтағы бағасы 2 млн еуроны құрайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің ең қымбат 15 футболшысының рейтингі жасалған.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат ойыншы болып танылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында доп бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр.

Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Ал Ресей чемпионатында өнер көрсететін Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан.

Үздік бестікті "Ордабасы" қақпашысы Дмитрий Непогодов қорытындылап тұр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel