RU
Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында BMW жеңіл көлігі автобуспен соқтысты. Соның салдарынан 21 жастағы жүргізуші қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, автопарктен шыққан автобус көліктерді өткізіп жіберу үшін Рысқұлов көшесінің қиылысында тоқтап тұрған.

Осы уақытта Рысқұлов даңғылымен келе жатқан BMW көлігі қоғамдық көлікке соғылды. Жол апатының себебі әзірге белгісіз.  

Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан жолдарында бір аптада 39 адам көз жұмды.

Осылайша, 16-22 желтоқсан аралығында Қазақстан жолдарында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Солардың салдарынан 39 адам қаза тауып, 158-і түрлі жарақат алды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ауа температурасының 0 градусқа дейін күрт жылынуына байланысты жолда көктайғақ пайда болған, ал қалың тұман, жаңбыр мен қар жаууы жолдағы көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Ташкент" жол учаскесінде қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам эвакуацияланған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel