Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Максим қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим еліміздің тұрғындары мен тыңдармандарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі жылы лебіздерін Instagram желісіндегі парақшасы арқылы жеткізді.

"Ассалаумағалейкум, құрметті инстадостар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан аман болыңыздар! Аспандарыңыз ашық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ержаннан жалынды сәлем Мәскеуден", - деді ол.

Сондай-ақ, әнші өзіне қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Еске сала кетейік, Ержан Максим Польшада өткен Junior Eurovision байқауында екінші орын иеленген болатын.

Жас өнерпазды бұл жетістігімен алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Отандасымызды қазақстандық жұлдыздар да жаппай құттықтаған еді.

"Ашық диалог" бағдарламасында Дәурен Абаев Польшад өткен беделді байқауда кәсіби әділ қазыларрдың өзі бірауыздан жеңісті Ержанға бергенін атап өтті.

"Ол өзін көпшілік арасында ұстай біледі. Кәсіби әрі құзіретті халықаралық төрешілер бірауыздан жеңісті Ержанға берді. Байқаудың қалған қатысушыларынан Ержанның биік тұрғаны – ешқандай күмән туғызбайды. Сол себепті, ол мен үшін жеңімпаз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834503-erzan-maksim-kazakstandyktardy-zaa-zyl-merekesimen-kttyktady/

pixel