RU
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Американың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің сайтында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Майк Помпео. Фото: instagram.com/secpompeo

Майк Помпео. Фото: instagram.com/secpompeo

Америка құрама штатының мемлекеттік хатшысы Қазақстаннан бөлек, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Кипрға жұмыс сапарын кейінгі қалдыруға мәжбүр.

Ресми хабарламада Майк Помпеоның Ирақтағы жағдайды бақылап, Таяу Шығыстағы америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы жазылған.

Помпеоның бұл елдерге қашан баратыны әзірге белгісіз.

Ирактағы жағдайларға байланысты Америка құрама штатының Бағдадтағы елшілігі консулдық жұмысын тоқтатты, америкалық азаматтарға ғимаратқа жақындамауға кеңес берілді.

Айта кетейік, Америка құрама штатының мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні - бесінші қаңтарда келуі жоспарланған болатын. Майк Помпео Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаевпен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп көзделген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel