RU

Ақтөбе облысында жаңа жыл түні мектеп оқушысы жоғалып кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мектеп оқушысы үйінен шығып кетіп, оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ басылымы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анатолий Лебедев. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Анатолий Лебедев. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалып кеткен Анатолий Лебедевті іздеп жатыр. Мектеп оқушысы Алға ауданы, Қарақұдық ауылындағы үйінен 1 қаңтар күні сағат 04:30-да шығып кеткен.

"Ол 11-сынып оқушысы. Бойы - 170-175 см. Қара шалбар, қою күлгін түсті күрте киген. Іздеу жұмыстарына бірнеше топ жұмылдырылды. Құрамында полиция, ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері бар. Қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысында жаңа жыл түні мектеп оқушысы жоғалып кетті (фото)
Mailfire view pixel