Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нидерланд мемлекеті "Голландия" атауынан ресми түрде бас тартты

Опубликовано:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Голландия" сөзі Нидерланд мемлекетінің атауы ретінде ресми түрде күшін жойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Business Insider басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, енді жергілікті билік, ЖОО, жекеменшік компаниялар мен баспасөз "Нидерланд" сөзін ғана қолдануы қажет.

"Қызғалдақ елі" үкіметі бұл шешім есірткі мен жезөкшелікпен ғана байланыстырылатын образдан құтылуға көмектеседі деген сенімде.

Сондай-ақ, жергілікті билік бұл шешім туристік ағынды дұрыс бағыттауға да әсер етеді деп санайды. Өйткені қазіргі таңда туристердің көбісі Амстердам, Харлем мен Гаага секілді қалаларға ғана баратындықтан, бұл қалалар көп саяхатшыларға төтеп бере алмай жатыр.

Ал туризм кеңесі туристер Нидерландтағы стандартты емес бағыттарды да таңдауға көшеді деп үміттенеді. Мемлекеттің атауына қатысты реформаға мемлекет бюджетінен 200 мың евро жұмсалады деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, Нидерланд патшайымының 33 жастағы сіңлісі өзіне өзі қол жұмсаған.

Нидерланд патшалық Максиманың атынан орын толмас қазаға байланысты мәлімдеме жасады.

"Патшайым сіңлісінің мезгілсіз өліміне орай қатты қайғыруда. Ол ресми түрде жоспарланған барлық іс-шараларды кейінге шегеріп тастағанын хабарлайды", - деп жазылған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1834520-niderland-memleketi-gollandia-atauynan-resmi-trde-bas-tartty/

pixel