RU
2019 жылы әуе апатынан неше адам қаза тапты

2019 жылы әуе апатынан неше адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

To70 консалтинг компаниясының жыл сайынғы есебі жарық көрді. Онда 2019 жылы әуе апатынан әлем бойынша 257 адам қаза тапқаны көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Ұйым дерегінше, 2019 жылы әлемде 86 әуе апаты орын алған.

Соның ішінде сегізі адам қазасымен аяқталды.

Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе аз.

2018 жылы 157 ұшақ апатқа ұшырап, 534 адам қаза болған. 

Осылайша, мамандардың бағасы бойынша, 2019 жылы 5,5 миллион рейстің біреуі адам шығынын әкелген апатпен аяқталды. 

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel