Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдар қандай қыз-келіншектерден тез жериді

Опубликовано:

Некелі ақ төсегінен жеріп, өзге жылы құшақты іздейтін немесе жатын жайдан гөрі теледидар алдындағы диванды тәуір көретін еркектер жайында өмірде түрлі мысалдар көп. Әрине, түрлі жағдайлар орны алуы мүмкін ғой. Дегенмен, соның ішінде әйелдің өзі де осындай жағдайдың болуына себеп болып жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Себеп болғанда да, әйелдің жыныстық қатынасқа деген көзқарасы мен төсек "майданында" жасайтын қателіктері кейбір еркектерді өзінен алыстатып, тіпті, төсегінен де жерітіп жіберетін көрінеді. Ендеше, сол қателіктердің біразын теріп көрелік.

Ішкиімге қызықпайтын әйел

Көптеген "төсек кеңестерінде" ең алдымен ішкиім туралы айтылып жатады. Еркектердің барлығы дерлік әйелдің шілтерлі, сәнді әрі әдемі ішкиім кигенін қалайды. Әйелінің көйлек ауыстырғанына назар салмаса да, ішкиімін өзгерткенін байқамай қалмақ емес. Ол күні ықыласы да ерекше болуы заңдылық.

Күйеуінен ұялатын әйел

Ұялу деген өте жақсы қасиет. Иә, еркектер де өз әйелінің өзінен қымсынатынына іші жылып қалады-ақ.

Бірақ тұрақты түрде, әр жыныстық қатынастан ұяла беретін болса, онда "ұялмайтынына" кетіп қалмасына кім кепіл?! Арасында ұялып та тұру керек, бірақ әр жолы емес.

"Бөрене" болудың қажеті жоқ

Әйелдің ең "ыстық" шақта қимылсыз, әрекетсіз жатуы – кез келген еркектің ызасын келтіреді. Әрдайым болмаса да ара-тұра әрекетті әйелдің өзі бастағаны дұрыс. Әсіресе, еркектің ыңғайы келіспей, көңіл-күйі болмаған кезде жадыратып-ақ жіберуге болады. Әлбетте, өзіңіз бастасаңыз ғана.

Макияж бен шаш үлгісі

Кешкісін шаш үлгісін жасап (ертеңгісін жұмысқа немесе ертемен болатын қандай да бір шараға, мәселен...), оны бұзып алмау үшін жыныстық қатынастан бас тарту немесе соған бола төсек ләззатын алуды ұмыту да еркектің ызасын келтіреді.

Төсекте сөйлей беретін әйел

Төсек – сөйлесу үшін емес. Ұйқыны қандырып, некелі жандардың тән рахатына бататын орны. Ал сөйлесуге орын көп.

Үн шығармайтын әйел

Жоғарыда аталғанға қарама-қарсы әйелдер де бар. Қанша "айқас" боп жатса да тістеніп, үнін шығармайтын әйелге де еркек күмәнмен қарайды. Әрине, күдігі бірінші өзіне түсуі мүмкін. "Мен ләззат сыйлай алмай жатырмын ба?" деген күдік еркектердің өзіне деген сеніміне селкеу түсіреді.

Салыстыру

Еркек үшін ең жаманы осы... Түрлі жағдайлар болады. Бұрын да некелі болып, тағдырдың жазуымен екінші рет отбасын құрғандар болуы мүмкін. Осындайда бұрынғысын қазіргі ерімен салыстыруға ең болмаса емеурін танытқан әйелден де еркек тез жерінетін көрінеді. Мұның соңы тіпті ұрыс-керіске соғуы да ықтимал.

Сондықтан, әсіресе, төсек қатынасында қатысты еркекті ешкіммен салыстырудың жөні жоқ. Тіпті, басқа жағдайда да...

"Сөмке үшін бір түн..."

Ешқашан да еріңізге әдемі сөмке немесе етік, қымбат тон үшін "сатылмаңыз". Сол үшін түнді ыстық етіп өткізуге уәде бермеңіз және оны іске асырмаңыз. Еркек басында мұны еркелік деп түсінуі мүмкін, бірақ әдетке айнала бастаса, сүйген жарын кез келген бұйымға "сатылатын" деп ойлап, күдігі ұлғаяды.

Айта кетсек, бұған дейін күйеудің көзге шөп салып жүргенінен хабардар ететін белгілер туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834554-er-adamdar-kandaj-kyz-kelinsekterden-tez-zeridi/

pixel