RU

Екібастұзда пәтер өртеніп, анасы мен баласы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екібастұзда пәтерден өрт шығып, салдарынан анасы мен баласы мерт болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бірінші қаңтар күні сағат 20:49-да Арқалық көшесі, 21-үйдегі 4-пәтер өртеніп жатыр деген хабарлама түсті. Өрт сөндіру кезінде екі мәйіт табылды. Олар осы мекенжайда тұратын анасы мен баласы болуы мүмкін. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мекемедегілер өрт болып жатқан жерге 3 техника жіберілгенін мәлімдеді. Өрт 22:51-де толық ауыздықталған.

"Анасы 82 жаста, ұлы 1975 жылы дүниеге келген", - дейді аймақтық ТЖД.

Департаменттегілер 2020 жыл басталғалы бері Екібастұздан бөлек, Железин ауданында да өрт салдарынан адам шығыны болғанын айтты.

"Сонымен қатар, 1 қаңтар күні бірінші қалалық ауруханаға газдан уланып қалған азаматша жатқызылды. Улануға пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған", - деп қорытындылады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Жаңа жыл түні Алматыда бизнес-орталық өртенгені хабарланды. Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екібастұзда пәтер өртеніп, анасы мен баласы қайтыс болды
Mailfire view pixel