RU
ШҚО-да баллонмен сырғанаған екі жасөспірім көліктің астына түсіп, қайтыс болды

ШҚО-да баллонмен сырғанаған екі жасөспірім көліктің астына түсіп, қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған.

Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған.

Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа шығып кеткен. Дәл сол кезде Nissan X-trail көлігі қарсы бетте келе жатқан. Қарсы бағыттағы көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан 2001 және 2002 жылы туғандар алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Жол талғамайтын көліктің тізгінінде болған 19 жастағы жүргізуші қамауға алынған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша "Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірнеше сараптама жүргізеді.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда асфальт опырылып, "Киа" маркалы жеңіл көлік шұңқырға түсіп кеткені хабарланды. Оқиға жаңа жыл түні елорданың "Жағалау" ауданында орын алған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel