RU

Елжан Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастың жағдайы қандай екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордада жатқан Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккен науқастың жағдайы қандай екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/byelzhan

Фото: facebook.com/byelzhan

Ведомство басшысы бүгін Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барған. Бұл туралы Біртановтың өзі Facebook парақшасында хабарлаған.

Министрдің сөзінше, орталықта Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен науқас жатыр. Ол кеше сағат 14:40-та санавиациямен жеткізілген.

"Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр, көп жарақат алған және көп қан жоғалтқан. Өміріне қауп төніп тұрған жоқ. Орталық мамандары барлық тексерістен өткізіп, ота жасауға дайындады", - деді Елжан Біртанов.

Қазіргі уақытта ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен жедел емдеудің бірінші кезеңі өткізілген.

Біртановтың айтуынша, әуе апатынан зардап шеккендердің бәріне қажетті ем шаралары жасалады. Республикамыздың ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының үздік мамандары тартылған.

Сондай-ақ, зардап шеккендердің жағдайы министрдің жеке бақылауында.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Бүгін Bek Air әуе компаниясы қайғылы жағдайдан бірнеше күннен соң брифинг ұйымдастырып, өздерінің недіктен үнсіз қалғанын түсіндірді. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін де айтты.

Сонымен қатар, Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыраған сәтінен ғаламтор беттерінде бірнеше видео жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елжан Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастың жағдайы қандай екенін айтты
Mailfire view pixel