Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда әйел адам екі кішкентай баласымен бірге жанып кетті

Опубликовано:

Петропавлда тұншықтырғыш газдың салдарынан үйлердің бірінен өрт шықты. Екі бала мен олардың анасы өлі күйінде табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Петропавл жаңалықтарына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы жағдай Рабочий ауылындағы үйлердің бірінде болған. 1 қаңтар күні жас отбасы ешқайда шықпай, үйінде қалуды шешкен.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ғимаратта электр желісі тұйықталып, өрт шыққан. Үйдің ішіне тұншықтырғыш газ иісі тарап кеткен.

Марқұмдардың денесін оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тапқан. Мамандар жиһаздар мен жапсырма қағаздардың жанып кеткенін, үйдің іші қатты түтін болғанын көреді. Көршілері үй ішінде адамдар қалып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Ғимаратқа кірген шұғыл қызмет жұмысшылары 2016 және 2018 жылы туған екі баланың, сондай-ақ 1991 жылы туған олардың анасының денесін тауып алған. Өрт үйдің ішін түгел шарпып тастаған. Қызыл жалынның жалпы аумағы - 8 шаршы метр болған.

Сымдардың тұйықталуы - бұл алдын ала жасалған болжам. Үш адамның өмірін жалмаған өрттің нақты себебін сарапшылар анықтйды.

Еске сала кетсек, бүгін Екібастұзда пәтер өртеніп, 80 жастағы қарт анасы мен 1975 жылы туған баласының мерт болғаны хабарланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834582-petropavlda-jel-adam-eki-kiskentaj-balasymen-birge-zanyp-ketti/

pixel