RU
Украиналық "Динамо" клубы "Қайрат" ойыншысын өз қатарларына қоспақ

Украиналық "Динамо" клубы "Қайрат" ойыншысын өз қатарларына қоспақ

Рассказать Вконтакте

"Қайрат" клубының ойыншысы "Динамо" командасының сапына қайта оралуы мүмкін. Бұған дейін ол танымал украиналық клубтың құрамында болып, алайда алаңда өз өнерін көрсете алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адеринсола Эсеола. Фото: instagram.com/derin691

Адеринсола Эсеола. Фото: instagram.com/derin691

28 жастағы украиналық Адеринсола Эсеола 2018 жылдың жазында алматылық клубпен келісім-шарт жасасып, шабуылдаушы болған еді. Келісім-шарт 1,5 жылға жасалған. Алайда шарттарға сәйкес, оны тағы бір жылға ұзартуға болады.

"SportAnalytic" украиналық басылымының сайтында үш күн бұрын "Динамо" Эсеоланы өз қатарына қайтармақ ниетте деген ақпарат тарады. Сол мәліметтерге сәйкес, киевтік клуб ойыншыны 3,5 млн еуроға сатып алмақ.

Басылымның жазуынша, осы маусымда украиналық футболшы 34 турнирге қатысып, 22 гол салған.

Айта кетсек, Адеринсола Эсеола 2008-2009 жылдары "Динамо" сапында өнер көрсеткен. Ол кезде Эсеола небәрі үш жолдастық кездесуге қатысып, артынша командадан кеткен еді.

Футболшы бірнеше жыл қатарынан украиналық және италиялық клубтарда ойнаған. 2018 жылдың басында Эсеола қазақстандық "Ақжайық" клубына қосылып, бірнеше айдан кейін "Қайратқа" ауысқан.

Айта кетсек, бұған дейін алматылық "Қайрат" клбуынан құны сегіз миллион еуро болатын жеті бірдей ойыншының кеткені хабарланды. Олардың қатарында Бауыржан Исламхан, Елдос Ахметов, Исламбек Қуат сынды ойыншылар бар.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel