RU
"Головкин-Деревянченко" кездесуі "жыл жекпе-жегі" атанды

"Головкин-Деревянченко" кездесуі "жыл жекпе-жегі" атанды

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 5 қазанында орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын сарапқа салған Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко айқасы BoxingScene нұсқасы бойынша жыл жекпе-жегі атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/gggboxing

Фото: instagram.com/gggboxing

Бастапқыда IBF титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес кездесу өткізуі керек болған.

Жекпе-жек мамырда өтеді деп жоспарланды, бірақ мексикалық боксшы допинг-тесттен өтпей қалып, кездесу жарты жылға кейін шегерілді. Осылайша Головкин титулды қорғау міндетінен бас тартуға мәжбүр болып, белбеу иесіз қалған.

2018 жылдың қазанында Деревянченко белбеу үшін басқа міндетті қарсылас, америкалық Даниэль Джейкобсқа қарсы шығып, жеңіліп қалды. 2019 жылдың мамырында Джейкобс "Канело"-дан жеңіліп, белбеуді соған тапсырды.

Ал Альварес IBF белбеуі үшін міндетті қарсылас Деревянченкомен келіссөзге көнбеді. Кейін Халықаралық бокс федерациясы оған үзілді-кесілді талап қойға болатын. Дегенмен Альварес титулдық жекпе-жек үшін украиналыққа тиімсіз қаржылық шарт ұсынды. Өткен жылдың тамыз айының басында IBF Альваресті белбеуден айырып, титулды иесіз қалдырды.

Бұл белбеуге міндетті екінші үміткер, оның бұрынғы иегері, қазақстандық Головкин болды. Оның жекпе-жекке жасаған ұсыныстары Альварестікіне қарағанда тиімдірек болып, 5-қазанда боксшылар рингте кездесті.

Жекпе-жек 12 раундқа созылған болатын. Төрешілер ұпайымен Головкин қарсыласынан басым түсіп, өзінің бұрынғы титулдарын қайтарып алды.

Осылайша беделді BoxingScene порталы аталмыш кездесуді жыл жекпе-жегі деп таныды.

Айта кетсек, бұған дейін отандасымыз Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетіні хабарланды. GGG-дің польшалық қарсыласы Камил Шереметамен өткізетін титулды жекпе-жегі 28 наурызға белгіленген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel