RU

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Құқық қорғау органдары Ақтөбе облысында жоғалған жасөспірімнің денесін тапты. Бозбаланың жаңа жыл түні жоғалып кеткені хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анатолий Лебедев. Фото: Ақтөбе облысы ПД

Анатолий Лебедев. Фото: Ақтөбе облысы ПД

Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары кезінде жоғалып кеткен Анатолий Лебедевтің денесі табылғанын хабарлады. Марқұм 17 жаста болған. Құқық қорғаушылар Анатолийдің денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тауып алған.

Полицейлер марқұмның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері болмағанын хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша жасөспірім үсіп қайтыс болған. Анатолийдің нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтамақ.

Іздеу жұмыстарына 40 полиция қызметкері, ТЖД 10 қызметкері, ауылдық әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған бірнеше топ атсалысқан.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде мектеп оқушысы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмағаны хабарланған.

Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалып кеткен Анатолий Лебедевті іздеген. Мектеп оқушысы Алға ауданы, Қарақұдық ауылындағы үйінен 1 қаңтар күні сағат 04:30-да шығып кеткен.

"Ол 11-сынып оқушысы. Бойы - 170-175 см. Қара шалбар, қою күлгін түсті күрте киген. Іздеу жұмыстарына бірнеше топ жұмылдырылды. Құрамында полиция, ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері бар. Қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Mailfire view pixel