RU

Екатеринбург-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екатеринбург-Алматы тас жолының 566 шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Қайғылы жағдай салдарынан ер адам мен бала қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ

"ҚазАвтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы тас жолдағы ұзақ бұрылыстардың бірінде кешкі уақытта орын алған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жапониялық автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Нәтижесінде ол Lada маркалы көлікпен соқтығысып қалған.

Аса жойқын соққы нәтижесінде Lada көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. Оған қоса, аталмыш автокөліктің салонында болған үш жасар бала да оқиғадан қаза тапты. Ол медициналық мекеме қабырғасында көз жұмған.

Сонымен қатар, апатты жағдайда жапониялық көлікте отырған жолаушылардың бірі зорға аман қалды. Дәрігерлер зардап шеккен адамды құтқарып қалу үшін қолынан келгеннің бәрін істеді.

Анықталғандай, түрлі жарақат алып қалған тағы үш ересек адам мен бес жасар бала ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасының орнында құқыққорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының анық-қанығын анықтап, басқа соқтығысулар орын алмауын қамтамасыз етуде.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да баллонмен сырғанаған екі жасөспірім көліктің астына түсіп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екатеринбург-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Mailfire view pixel