RU

Көк-Төбедегі төтенше оқиға: Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Көк-Төбеде оқыс оқиға орын алып, оның салдарынан бала зардап шекті. Дәрігерлер ауруханаға келіп түскен кішкентай науқастың қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Зардап шеккен баланы Аламатының БШМЖО жедел жәрдем бригадасы алып келді. Ол өзіне қажетті барлық медициналық көмекті алып жатыр. Дәрігерлер баланы толықтай қарап шығып, жіті бақылауында ұстап отыр. Баланың жағдайы қалыпты" , - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілердер Алматыдағы Көк-Төбеде төтенше оқиға орын алғаны жайлы хабарламалар тарап кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Ғаламтор кеңістігіндегі жазбаларға сәйкес, оқыс оқиғадан бала задап шеккен.

Желіде тарап кеткен ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен бала секіру барысында "Рогатка" аттракционынан ұшып кетсе керек. Оған жіптің үзіліп кетуі себеп болған.

Оған қоса, балақайдың аяқ-қолы сынғаны хабарланды. Алайда, бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасында растаған жоқ. Олар зардап шегушінің диагнозы тек ата-анасының рұқсатымен ғана іске асатынын мәлімдеді.

Оқыс оқиға жайлы оған куә болған қала тұрғындары айтып берген. Олар желіде жазба жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көк-Төбедегі төтенше оқиға: Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайын баяндады
Mailfire view pixel