Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызын иіскеп, еркелеткен Жазира Байырбекова елді сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде қызы Дараны иіскеп жатқан видеосын жариялап, көпшілікті тәнті етті. Сәбиімен өткізен уақытын жұртқа паш еткен өнер иесі өзін кішкентай баласы бола тұра, тойға шығып жүргеніне шүйліккен халыққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Байырбекова 22 жылдан кейін қызды болып, сәбиі бір жасқа толмаса да той-томалақтарға шығып кетті. Эстрада жұлдызының бұл қылығы көпшілікке жақпай қалса керек. Желідегілер Жазира жұмысқа кеткенде, Дараның қасында кім қалатынын уайымдап әлек болған.

Өнер иесі қызы үшін алаңдаушылық білдірген оқырмандарына Instagram парақшасында жағдайын түсіндірді. Оған қоса, ол бір шаңырақ астында неше адам болып тұратындарын айтып қойды.

"Менің концертке, тойға барған сурет, видеоларымды көрген инстадостарым Дараны уайымдап жазады. Рахмет қызыма алаңдағандарыңызға. Екі-үш сағатқа қала береді. Үйде 10 шақты адам тұрамыз. Қолдан қолға түспей өсіп жатырмыз. Аллаға шүкір! Тілектеріңізге рахмет" , - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған едік.

Кейін сәбидің бесікке салу рәсімінен желіде видео да тарады.

Сонымен қатар әнші қызының кімге көбірек ұқсайтынын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834624-kyzyn-iiskep-erkeletken-zazira-bajyrbekova-eldi-sjsindirdi-video/

pixel