Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақын-сатирик": Айқын әкесі туралы тың мәліметпен бөлісті

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнесте өз орын бар әнші Айқын Төлепберген әкесін туған күнімен құттықтап, оған деген ақ тілегін жаудырды. Оған қоса, эстрада жұлдызы әкесіне қатысты бұрын-соңды жария етпеген мәліметпен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген Instagram парақшасында әкесін 70 жасқа толуымен құттықтап, оған жантебірентерлік жазба арнаған. Әнші асқар тауы әкесі қандай салада еңбек етіп жүргенін айтып берді.

Белгілі болғандай, Айқынның әкесі де өнерден алыс емес болып шықты.

"Бүгін асқар-тау әкеміз 70-ке толды. Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сатирик, көптеген кітаптардың авторы. Қазір балаларға арналған кітаптар шығарып жүр. Әке бақытты бол! Немерелеріңнің ортасында осылай күліп ойнап жүре бер. Біз сені жақсы көреміз" , - деп жазды Төлепберген.

Желі қолданушылары әншінің жазбасынан кейін, оның әкесіне деген өзінің ақ тілектерін жаудырған.

"Әкеңіз көп жасасын", "Папаіыз да өнер адамы екен ғой" , "Әкеңізді құттықтаймын, жасы ұзақ болсын" , "Әкеңіз ақын екенін алғаш рет естіп тұрмын" , "Кітап шығарады ма? Қандай тамаша, әкеңіз жасай берсін" , "Өнерлі азаматтың ұлы екенсіз" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқынның бірінші некеде туған балаларына не себепті уақыты болмай жүргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834631-akyn-satirik-ajkyn-kesi-turaly-ty-mlimetpen-blisti/

pixel