RU

Екі адам қаза тапты: Көкшетау-Атбасар тас жолында екі көлік соқтығысып қалды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Көкшетау-Атбасар тас жолында жантүршігерлік көлік оқиғасы орын алып, оның нәтижесінде екі әйел қаза тапты. Сонымен қатар, жол апаты салдарынан бес бала жарақат алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтожол"ҰК" АҚ-на сілтеме жасап.

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ: Facebook

"ҚазАвтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметін басқарып отырған Маржан Ордабайдың мәлімдеуінше, тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша екі әйел Hyundai маркалы көлікте келе жатқан. Кенеттен көлікті тізгіндеген келіншек оны басқара алмай, авто жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Бұл сәтте кері бағытта ер адам жапониялық Toyota автокөлігін айдап келе жатқан.

Жол апаты нәтижесінде екі көлік соқтығысып, Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы да көз жұмған. Марқұм азаматшалар 1986 мен 1987 жылы туған.

Қаза тапқан әйелдерден басқа көлікте тағы бір келіншек пен үш бала болған. Бүлдіршіндердің буреуі 2007 жылғы болса, екеуі 2017 жылы ғана дүниеге келген.

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ

Фото: "КазАвтожол"ҰК" АҚ: Facebook

Toyota көлігіне болған адамдардың барлығы жарақат алып қалды. Зардап шеккендердің арасында ер адам мен келіншек және екі сәби бар. Анықталғандай, олар 2010 және 2018 жылы туған.

Балалардың барлығы аудандық ауруханалардың біріне жеткізілді. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Екатеринбург-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасында бір ер адам мен бала қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Екі адам қаза тапты: Көкшетау-Атбасар тас жолында екі көлік соқтығысып қалды (фото)