RU
47 жастағы Камерон Диаз алғаш рет ана атанды

47 жастағы Камерон Диаз алғаш рет ана атанды

Рассказать Вконтакте

Кино әлемімен қош айтысып, бар уақытын отбасылық өмірге бөлген әйгілі актриса Камерон Диаз 47 жасында алғаш рет ана атанды. Әлеуметтік желілерде де белсенділігін жоғалтқан өнер иесі үшінші қаңтар күні Instagram парақшасында жазба жариялап, көпшілікпен қуанышты жаңалығымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: PeopleCornNews

Фото: PeopleCornNews

Камерон Диаздың Instagram парақшасы 2019 жылдың екінші мамырынан бастап жаңармаған. Алайда, голливудтық актриса жаңа жылдан кейін табынушыларын керемет жаңалықпен қуантып, желіге оралған.

Кино жұлдызы мен оның жолдасы Бенджи Мэдден жаңа онжылдыққа ата-ата мәртебесімен кіріп жатқандарына аса қуанышты екенін жеткізді.

"Біз осы алдағы жаңа онжылдыққа қызымыз Рэддикс Мэдденнің тдүниеге келгенін хабарлап кіріп жатқанымызға аса қуанштымыз. Балапанымыз бірден біздің жүректерімізді жаулап, отбасымызды толықтырды" , - деп жазды Камерон Диаз.

Жас ата-ана әзірге тек қана осы жайттарды жария етті. Олар бұдан басқа қандай да бір ақпарат болмайтынын бірден кесіп айтты.

Айта кетейік, Камерон Диаз бен Бенджи Мэдден 2015 жылдың бесінші қаңтарында отбасын құрды. Нәтижесінде олар араға бес жыл салып, бала сүйді.

Ал Жанболат пен Жазира болса, 22 жылдан кейін ғана қызды болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel