RU
Джакартадағы су тасқыны: Қазақстандық СІМ ресми мәлімдеме жасады

Джакартадағы су тасқыны: Қазақстандық СІМ ресми мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың соңғы күні Индонезия астанасында толассыз нөсер жауып, аса ауқымды су тасқынына түрткі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: YouTube/Rega Pratama

Видеодан кадр: YouTube/Rega Pratama

Билік өкілдерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, Индонезиядағы су тасқыны 53 адамның өліміне себепші болған. Тағы бір тұрғын із-түзсіз кеткендердің тізімінде жүр.

Анықталғандай, табиғат катаклизмі салдарынан 170 мың адам баспанасыз қалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мәлімдеді.

Қала аумағында қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатып, кейбір әуерейстері мен темір жолдар жабылды.

Қазақстанның сыртықы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, су тасқынынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.

"Қазақстан қайғыға ортақтаса, Индонезияның бауырлас халқымен қоса қайғыруда. Су тасқынынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тез сауығып кетуді тілейміз. Сонымен қатар, табиғат апатының зардаптарын еңсеруге тілектеспіз" , - деп мәлімдеді СІМ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды алдын ала ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз. Кейбір өңірлерде тұман мен көктайғақ болса, тағы бірнеше облыстарда қар мен жауын-шашын күтілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel