RU
23 жастағы әйгілі футболшы жол апатынан қаза тапты

23 жастағы әйгілі футболшы жол апатынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Франциялық "Генгам" командасының футболшысы Натаэль Жулан жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы клуб сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: © FRED TANNEAU/ rsport.ria.ru

Фото: © FRED TANNEAU/ rsport.ria.ru

Оқиға Ла-Манш жағалауында орын алған. Жаттығудан келе жатқан футболшы Audi Q5 көлігімен тас жолдың сыртына ұшып кеткен.

L'Equipe ақпаратына сәйкес, Жулан көлікте жалғыз болған. Оның рөлге неге ие бола алмай қалғаны белгісіз.

Жулан "Генгамға" 2018 жылы ауысқан. Ол негізгі команда үшін 11 матчта ойын көрсетті. Маусымның көп бөлігін екінші франциялық дивизионда өткізді. 2019 жылы футболшыны "Валансьен" клубы жалға алған болатын. Спортшының "Генгаммен" келісімшарты 2020 жылға дейін есептелген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Екатеринбург-Алматы тас жолының 566 шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Қайғылы жағдай салдарынан ер адам мен бала қаза тапты.

"ҚазАвтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы тас жолдағы ұзақ бұрылыстардың бірінде кешкі уақытта болған.

Одан бөлек, Көкшетау-Атбасар тас жолында жантүршігерлік көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі әйел қаза тапты. Одан бөлек, бес бала жарақат алды.

"ҚазАвтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайдың мәлімдеуінше, тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша екі әйел Hyundai маркалы көлікте келе жатқан. Кенеттен көлікті тізгіндеген келіншек оны басқара алмай, авто жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel