RU
Ащы суға сылқия тойған ер адам полицияны шабуылдап, қызметтік итті тістеп алған

Ащы суға сылқия тойған ер адам полицияны шабуылдап, қызметтік итті тістеп алған

Рассказать Вконтакте

Флоридада 38 жастағы ер адам мас күйінде полиция қызметкерін соққыға жығып, қызметтік итті тістеп, бірқатар құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Fox News-ға сілтеме жасап.

Ащы суға сылқия тойған ер адам полиция қызметкерін шабуылдап, қызметтік итті тістеп алған

Фото: Fox News

Fox News арнасының хабарлауынша, Хай-Спрингс қаласының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғындардан көшеде жүрген"есі дұрыс емес" адам туралы бірнеше хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер өз микроавтобусының жанындағы сазда жатқан күдіктіні ұстады. Ол полиция қызметкері оны тұтқындамақ болғанда, тәртіп сақшыларының біреуін ұрып, орманға қарай қашып кетті.

Жедел қызметкерлер арнайы үйретілген K-9 иттері бар күшейтудің келуін күтіп, қашқынды іздеуге бірге кіріскен. Полицейлер күдіктіні тапқан кезде, ер адам төрт аяқтап жүріп, ұлып, қызметтік итті шабуылдады. Ер азамат, тіпті, жануардың құлағын тістеп алды. Алайда ит те шетте қарап қалмай, күдіктіні қауып алды.

Осыдан кейін қылмыскерді ұстауға және қамауға алуға мүмкіндік болғандығы айтылады. Полиция қызметкерлеріне, оның ішінде қызметтік иттерге шабуыл жасағаны үшін, сондай-ақ бұрын жасалған құқық бұзушылықтарды ескере отырып, ер адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel