RU
Зеленский "әлемдегі ең беделді адамдардың біріне" айналуда

Зеленский "әлемдегі ең беделді адамдардың біріне" айналуда

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Юлия Мендель оның "әлемдегі ең беделді адамдардың біріне" айналып бара жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Зеленский. Фото: Brendan Hoffman / Getty Images

Владимир Зеленский. Фото: Brendan Hoffman / Getty Images

"Өткен жылдағы жетістіктердің арасында украиналық президенттің The New Yorker-дегі (журнал-ред) бірінші профайлы (жеке парақша-ред) мен Time-дағы (газет- ред) алғашқы мұқабасын атап өткім келеді", - деп жазды Мендель өз Facebook парақшасында.

Жеті ай қызметінің қорытындысын шығарған баспасөз хатшысы мұның барлығы Зеленскийдің еңбегі екенін айтты.

"Украина президенті әлемдегі ең беделді тұлғалардың біріне айналып жатқанда, бізге, украиналықтарға 2020 жылы одан да жақсы жаңалық күтуге болады", -деді ол.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінде отандастарына алғашқы құттықтауын жолдады. Украиналықтар 2020 жылға бірнеше минут қалғанда көрген видеоны ерекше әсермен қабылдады.

Владимир Зеленский Украина тұрғындарын 13 минут құттықтады. Құттықтауға басқа да украиналықтар-саясаткерлер, шоу-бизнес өкілдері, тележүргізушілер мен спортшылар қатысты.

Үндеудің басты тақырыбы "украиналық" түсінігінің негізгі мағынасын ұғындыру болды. Президент жеке куәлігінде " Украина азаматы" деген жазуы бар жандарды не біріктіретінін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel