Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирактағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

Ирак астанасында Америка елшілігі мен басқа үкіметтік ғимараттардың жанында жарылыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирактағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды (фото, видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Sky News Arabia-ның хабарлауынша, АҚШ-тың Ирактағы елшілігі жанында екі зымыран жарылды. Бұл Бағдадтың "жасыл аймағында" болды. Қазір жапа шеккендер мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Алайда, оқиғадан кейін әкімшілік ғимараттарға баратын жол жабық болатыны белгілі. Мұнда қауіпсіздік шаралары бірден күшейтілді.

Сондай-ақ, куәгерлердің мәліметтері бойынша, олар әуе дабылының сиреналарын естіген.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай ирандық арнайы бөлімнің генералы Касем Сүлеймени өлтірілгеннен кейін нашарлаған. Ол өткен жұмада Америка Құрама Штаттарының Бағдад әуежайына жасаған зымыран соққысы кезінде қайтыс болды.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран ұзақ уақыт қақтығыс жағдайында болған.

Сарапшылардың пікірінше, Тегеранда Сүлейманиге жасалған қастандық исламдық жүйе жұмыс істеп тұрғанша есте болады.

Иран басшылығы АҚШ-тың қызыл сызықты кесіп өткенін айтты. Елдің жетекшісі аятолла Али Хаменеи аға әскери адамды өлтіргені үшін Америкадан кек алатынын айтып, қорқытты және елде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың жазында Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімдегі қоймада жойқын жарылыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834690-iraktagy-aks-elsiliginde-zarylys-boldy-foto-video/

pixel