Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Toyota жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолында екі сатушыны қағып кетті (видео 18+)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтаннан Щучинскке апаратын жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан шетелдік Toyota көлігінің жүргізушісі екі көше сатушысын қағып кетті. Желіде жол апаты бейнеленген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Toyota жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолында екі сатушыны қағып кетті (видео 18+)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Соқтығыс Ақмола облысы аумағында, Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолының 208-шақырымында болды.

"ҚазАвтожолдың" хабарлауынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қатарлас автокөлікпен соқтығысудың алдын алу үшін рөлді демалыс алаңына қарай күрт бұруға мәжбүр болған.

Нәтижесінде жүргізуші оқиға орнында тұрған екі әйелді қағып кетті. Олардың біреуі - 35 жаста, екіншісі - 40-та. Екеуі де жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Зардап шеккендер түрлі жарақаттар алды.

Ұйымның мәліметінше, 25 жастағы жүргізушіден бөлек, көлікте тағы бір ер адам мен 20-25 жастағы екі бойжеткен болған.

Полиция дереу оқиға орнына келіп жетті. Апаттың барлық жағдайлары мен себептері анықталды.

Еске салсақ, таяуда Ақмола облысында 42 жастағы ер адамның денесі табылғаны белгілі болды. Оның көліктің доңғалақтарының астында қайтыс болғандығы айтылды. Соқтығыстан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты. Алайда, трассада табылған фрагменттер бойынша көлік маркасы және ЖКО кезінде оны кім басқарғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834691-toyota-zrgizusisi-nr-sltan-sucinsk-tas-zolynda-eki-satusyny-kagyp-ketti-video-18/

pixel