RU

Оралдағы ірі сауда үйінде өрт шықты (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Оралда, кеше, 4 қаңтар күні кешке, Азиза деген атпен танымал ірі сауда үйінде өрт пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралдағы үлкен сауда үйінде өрт шықты (фото)

Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Алдын ала ақпарат бойынша, жалын киім сатылатын бутикте пайда болды деп хабарлайды "Мой город".

Белгілі болғандай өрт астыңғы қабатта туындаған. Супермаркет өрттен зардап шеккен бутиктің жанында орналасқан. Оқиғадан зардап шеккен тауарларды құтқару үшін өрт сөндірушілер оларды сыртқа алып шықты.

Супермаркеттің үстіндегі сауда үйінің ғимаратында тұрмыстық техниканы сататын "Мечта" дүкені орналасқан.

Басылым өрт шыққан кезде ғимараттан қалың түтін шыққанын айтты. Апаттарға жол бермеу үшін полиция сауда үйін қоршауға алды.

Кейінірек БҚО төтенше жағдайлар басқармасында жалынның кешкі сағат он жарымда шыққаны айтты. Өртті бір сағат ішінде жоюға мүмкіндік болды. Төтенше жағдай орнында 30-дан астам өрт сөндірушілер жұмыс істеді, өртке 10 мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Өрт кезінде зардап шеккендер болған жоқ. Өрт сөндіру бөлімі жалынның не себепті туындағанын және орын алған оқиғаға кім жауапты екенін анықтайтын болады.

Өрт сөндірушілер өрт туралы өрт сөндіру жүйесі жұмыс істегеннен кейін белгілі болғанын хабарлады. Осының арқасында жалын сауда үйінің үлкен аумағына таралмады.

Естеріңізге сала кетсек, елордадағы көңіл көтеретін орындардың бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Оралдағы ірі сауда үйінде өрт шықты (фото)