Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бүркітке Таразда ескерткіш орнатылды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Бүркітке арналып туған жері Тараз қаласынан ескерткіш орнатылды. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған. Қуанышы қойнына сыймаған әнші көпшілікпен жақсы жаңалығымен бөлісуді ұйғарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aisha_vee/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aisha_vee/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі болғандай, Бүркітке мәрмәр тасқа қашалып есімі жазылған ескерткіш қойылған. Ол Жамбыл облысындағы мәдениет сарайы алдында жаңадан ашылған "Әуендер әлемі" аллеясында орнатылған.

Айбек Жансейітов өзінің еңбегі еленіп, осындай жетістікке ие болып жатқанына орай Instagram парақшасында барша жерлестері, оның ішінде облыс әкіміне шексіз алғысын білдірген. Өнер иесі өзіне арналған ескерткіш алдында видео түсіріп, ел алдында басын иген.

"Ассаламағалейкум, құрметті достар, бауырлар. Бүгін Тараз қаласына келіп, қуанышым қойныма сыймай тұр. Мәдениет сарайының алдында "Әуендер аллеясы" ашылып, мәрмәр тасқа аты-жөнім жазылып қойған екен. Осындай көрсетіп жатқан құрметтеріңіз үшін Жамбыл облысының әкімдігіне, облыс әкімі Асқар Мырзахметовке алғыс айтамын. Сонымен қатар, барша Тараз тұрғындарына алғысым шексіз. Басымды иемін" , - деді видеода Бүркіт.

Бұл жаңалықтан хабардар болған желідегілердің барлығы әншінің жетістігіне риза бола қоймаған. Құттықтауын жаудырған оқырмандар арасында Айбек Жансейітовке ескерткіш орнату орынсыз деп жазғандар да болды.

"Мен осы түсінер емеспін, қандай еңбек жасады Таразға? Нені қатырды? Бір үлкен жұмыс қатырғандай ескерткіш қойыпты. Балалар үйін салып берсе, қарттар үйін тұрғызса немесе үлкен бір мектеп ашса бір жөн" , - деп жазған желі қолданушылары.

Кері пікір білдірушілерге Бүркіттің жауабы да дайын болған.

"Туған жер туралы ән шығарып халыққа жігер беретініміз үшін, түсінбесеңіз" , - деп жауап қатты ол наразы оқырманына.

Айта кетейік, бұған дейін Бүркітті ардагерлер өзімен аттас медальмен марапаттағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834710-nsi-brkitke-taraz-kalasynan-eskertkis-ornatyldy-foto/

pixel