RU
Талдықорғанда қаруланған 19 жастағы көлік жүргізушісі қолға түсті

Талдықорғанда қаруланған 19 жастағы көлік жүргізушісі қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда 19 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі қолға түсті. Оның темір тұлпарының салонынан бір ұңғылы мылтық, 16 калибрлі шолақ мылтық, сондай-ақ тіркеу нөмірі жоқ газ револьвері табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көліктегі қарулы жігітті тәртіп сақшылары 1 қаңтар күні ұстады.

"Қазір 19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 287- бабына (Қаруды заңсыз сақтау) сәйкес тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның атысқа жарамдылығын анықтау үшін сараптамаға жібердік", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Алматы облысында 2019 жылы заңсыз айналымнан 157 бірлік оқ-дәрі және 615 түрлі қару түрлері алынған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтаннан Щучинскке апаратын жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан шетелдік Toyota көлігінің жүргізушісі екі көше сатушысын қағып кетті.

Соқтығыс Ақмола облысы аумағында, Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолының 208-шақырымында болды.

"ҚазАвтожолдың" хабарлауынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қатарлас автокөлікпен соқтығысудың алдын алу үшін рөлді демалыс алаңына қарай күрт бұруға мәжбүр болған.

Нәтижесінде жүргізуші оқиға орнында тұрған екі әйелді қағып кетті. Олардың біреуі - 35 жаста, екіншісі - 40-та. Екеуі де жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel