RU

Ұлына намаз оқуды үйреткен Қайрат Құдайберген елді сүйсінтті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал бизнесмен Қайрат Құдайберген ұлымен түскен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Белгілі кәсіпкер баласына намаз оқуды қалай үйрететінін көпшілікке паш еткен. Әкесі мен перзентінің бейнежазбасы желіде қызу талқыланып, көптің ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әдетте желіде бизнес жөнінде түрлі кеңестер беретін Қайрат Құдайберген бұл жолы оқырмандарын таңғалдырды. Отандық кәсіпкер Instagram парақшасында ұлына намазды дұрыс оқуды үйретіп жатқан сәтінен видео жариялап, көпшіліктің жылы лебізіне ие болған.

"Балаңа жақсы үлгі болуға тырыс. Әрбірімізге Аллах тағала салихалы ұрпақ нәсіп етсін" , - деп жазған ол бейнежазбасының астына.

Желі қолданушылары бизнесменнің ізгі ниетіне риза болып, оған деген оң пікірлерін жарыса жаудырған.

"Ниеттеріңіз қабыл болсын" , "Қандай тамаша көрініс" , "Жарайсыз, кішкентайынан дұрыс тәрбие беріп жатқаныңыз керемет" , "Машаллах Қайреке! Алла тағалам салиқалы ұрпақтан болуды жазсын. Бекер айтылмаған баланы тәрбиелеудің қажеті жоқ, өзіңді тәрбиеле деп. Осы салған видеоңыз соның дәлелі" , "Керемет, ұлыңызға таптырмас үлгісіз" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін миллионер Қайрат Құдайберген үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтып, елді таңғалдырған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлына намаз оқуды үйреткен Қайрат Құдайберген елді сүйсінтті (видео)
Mailfire view pixel