RU

15 жастағы бразилиялық футболшы Неймардың рекордын жаңартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Освальдо" клубының форварды Пабло Хуан Сан-Паулу жасөспірімдер кубогына қатысқан ең жас футболшы атанды. Осылайша, ол "Пари-Сен-Жермен" шабуылшысы Неймардың рекордын жаңартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/neymarjr

Фото: instagram.com/neymarjr

Хуан 3 қаңтар күні "Понте Претамен" өткен матчқа қатысты. Шабуылшы алаңға 15 жас 3 ай 24 күнінде шыққан еді. Осылайша, ол 2008 жылы "Сантос" ойыншысы ретінде 15 жас 11 айында Сан-Паулу жасөспірімдер кубогында ойнаған Неймардың рекордын жаңартты.

"Сан-Паулу жасөспірімдер кубогында ойнау менің арманым болды. Бұл үздік клубтар бақылап отыратын ұлы турнир", - деді Хуан

"Освальдо" мен "Понте Прета" арасындағы ойын 1:5 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, франциялық "Генгам" командасының футболшысы Натаэль Жулан жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы клуб сайтында хабарланды.

Оқиға Ла-Манш жағалауында орын алған. Жаттығудан келе жатқан футболшы Audi Q5 көлігімен тас жолдың сыртына ұшып кеткен.

L'Equipe ақпаратына сәйкес, Жулан көлікте жалғыз болған. Оның рөлге неге ие бола алмай қалғаны белгісіз.

Жулан "Генгамға" 2018 жылы ауысқан. Ол негізгі команда үшін 11 матчта ойын көрсетті. Маусымның көп бөлігін екінші франциялық дивизионда өткізді. 2019 жылы футболшыны "Валансьен" клубы жалға алған болатын. Спортшының "Генгаммен" келісімшарты 2020 жылға дейін есептелген еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
15 жастағы бразилиялық футболшы Неймардың рекордын жаңартты
Mailfire view pixel