Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз жігітпен құшақтасқан Алтынай Жолдыбаева елді қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Атышулы әнші әрі актриса Алтынай Жолдыбаева желіде тағы да шу тудырды. Өнер иесі бейтаныс азаматпен құшақтасып тұрған суретін жүктеп, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызын белінен ұстап алған жігітті оның сүйіктісі деп топшылап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алтынай Жолдыбаева Instagram желісінде жаңа жылдан кейінгі демалысы кезіндегі суреттерімен бөлісіп, өз оқырмандарын қызықтырып қойды. Жұрт назарын көңілді кеш фотоларының бірінде әнші аруды құшақтап тұрған белгісіз жігіт аударды.

Көпшілік шоу-бизнес сылқымының қасындағы азаматты оның ғашығы деп болжады. Алайда, кіші Жолдыбаеваны құшағына алған ер адамның стилі желідегілерге жақпай қалған.

"Масқара, ұят" , "Қасындағы қыз ба әлде ұл ма?" , "Қазақ қызына сай қылық па енді?" , "Әп-әдемі қызсың ғой, мына жігіттен де сымбатты азаматтар көп қой" , - деп жазған оқырмандар.

Алайда, елдің күдігіне қатысты Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі әзірге жауап берген жоқ. Ол қасындағы жігіттің өзіне кім болып келетінін айтпады.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жолдыбаева желіде сексуалды суретін жариялап, елді естен таңдырған болатын. Әнші кезекті ашық образымен ерлер қауымын өзіне ғашық еткен. Алайжа, пікір білдірушілер арасында оның қылығын ерсі санағандар да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834727-belgisiz-zigitpen-ksaktaskan-altynaj-zoldybaeva-eldi-kyzyktyryp-kojdy-foto/

pixel