RU

"Қаржылай көмектесетін": Сері жігіт өзінен 12 жас үлкен әйелмен арақатынасы жайлы айтып берді

19 жастағы Бекзат Жанзақ бойындағы әйелдерді еліктіргіш қасиетінің арқасында қалаған аруды жаулап алатынын айтты. Жас жігіт тіпті, өзінен әлдеқайда үлкен келіншектермен де қарым-қатынаста болып көргенін жасырмайды. Ол осыдан екі жыл бұрын басынан өткен махаббат хикаясын есіне алып, жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/janzak19. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/janzak19. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бекзат Жанзақ 18 жасында өзінен он екі жас үлкен әрі отбасылы келіншекпен қарым-қатынаста болған. Олардың таныстықтары Атырау қаласындағы шетелдік мұнай компанияларының бірінде орын алған.

Жас жігіт өзі жұмыс істейтін мекемеде қызмет ететін әйелдің көңілін барынша тауып, ақыр-соңы оны өзіне қаратып алған.

"2018 жылы мұнай компаниясына жұмысқа кірген кезім еді. Ол кезде жасым небәрі 18-де. Жалпы бұрын-соңды Амиран Сардаровтың, Баян Есентаяваның, Михаил Лобковскийдің және көптеген психологиялық кітаптарды оқығаннан кейін адамдарды жақсы тани аламын, зерттеймін.

Жұмыс кезінде аталмыш компанияда менен он екі жас үлкен тұрмысқа шыққан әйелді кездестіріп қалдым. Алғашық уақытта тек дос ретінде араласып жүреміз. Алайда, қысқа уақыт аралығында ол әйелдің сенімін жаулап алдым. Уақыт өте келе, одан да жақын қарым-қатынасқа кіре бастаймыз.

Ол менімен төсектес болғанды қатты жақсы көргені соншалық, үнемі Атыраудағы қымбат қонақ үйлерде ғана қонып демалатынбыз. Оның үстіне, ол әйел жұмыс сапармен шетелге шыққан сайын, маған Англия, Америкадан қымбат әрі бағалы брендты сыйлықтар әкеліп беріп тұратын" , - деді Бекзат.

Оған қоса, сері жігіт басына қиын жағдай түскенде өзінен үлкен сүйіктісі алғашқылардың бірі болып көмек қолын созғанын да айтты.

"Менің басыма түскен қиын жағдайларда ол маған қаржылай көмек беретін, қымбат мейрамханаларға алып баратын. Тіпті, ол келіншекпен төрт күнге Мысырға барған кезіміз де болған. Алайда, мұны ешбір әлеуметтік желіге салмадым. Ол мемлекетке жасырын барған болатынбыз.
Ол мені өзінің шетелдік компаниясына жақсы лауазымды жұмысқа шақырды. Қауіпсіздік техникасының инспекторы болуды ұсынып еді. Алайда, менің басқа шетелдік компанияда келісімшартым болғандықтан өз жұмысымды тастай алмадым. Ол кісі маған көмек ретінде қаржылай да демеу болатын. Көптеген жұмыстарда да көмегін аямаған" , - деді жас жігіт.

Бүгінде өзінен он екі жас үлкен әйелмен қарым-қатынасын үзген Бекзат Жанзақ қазір немен айналысып жүргені мен болашаққа жоспарымен бөлісті.

"Қазір Қазақстандамын. Алда әлі талай қызықты оқиғалар күтіп тұрғанына сенімдімін. Әр адам бір өнердің шебері, әр адамның өзіндік қасиеті мен таланты бар. Алайда, менің талантым психология, біреуді манипуляция арқылы басқару өнері, коммуникация болып табылады.
Осының арқасында мен дүниенің қай шетінен болсын өз орнымды таба аламын. Оған қоса, осы қасиетімнің арқасында талай нәзік жанды арулардың сенімі мен жүрегін жаулап, неше түрлі қызықты романтикалық саяхаттарға шығып шытырман оқиғаларға куә болдым" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Дон Жуанның Түркияда 40 шақты қызбен қарым-қатынаста болғанын жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834737-karzylaj-kmektesetin-seri-zigit-zinen-12-zas-lken-jelmen-arakatynasy-zajly-ajtyp-berdi.html