Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік әнші Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Танымал ресейлік сазгер, әнші әрі продюсер Дмитрий Маликов Жаңа жыл мерекесін Қазақстанда қарсы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/steshamalikova
Фото: instagram.com/steshamalikova: Twitter

Әйгілі Маликовтар отбасының Қазақстанға келгені туралы хабармен әншінің қызы Стефания өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Олар мерекені Алматы қаласында қарсы алған.

"Мінсіз 1 қаңтар! Жаңа жылдарыңызбен! Қазақстан. Алматы. Осыншалықты қуатты жер және керемет энергия. Мен бұл елде ешқашан болмағанмын, бірақ келуді үнемі армандағанмын. Мұндағы адамдар өте қонақжай әрі ақжарқын.
2020 жылы сол баяғы орындарда отырмай, көбірек саяхаттағым келеді. Менің арманымдағы келесі сапар - Лапландия мен Кения", - деп жазған Стефания.

Айта кетсек, Дмитрий Маликов кеңестік және ресейлік сазгер, әнші, актер, продюсер әрі тележүргізуші. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі. Өнер иесінің екі қыз, бір ұлы бар.

Еске сала кетсек, қазақстандық хитмен Қайрат Нұртастың Жаңа жылды қалай қарсы алғанын жазған едік. Белгілі әнші барлық адамдар секілді мереке күні отбасының жанында болған.

Алайда әулеттің үлкендері Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтар балаларымен бірге болмаған. Әншінің ата-анасы аяқ астынан жол жүріп кеткен.

Әке-шешелері болмаса да бір дастархан басына жиналып, мерекені қарсы алған ағайындыларға көпшілік сүйсінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834743-tanymal-resejlik-nsi-zaa-zyldy-kazakstanda-karsy-aldy-foto/

pixel