RU

Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық Канадада жерленді (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Өткен айда Канаданың Торонто қаласында жол апатынан қаза тапқан 19 жастағы Дамир Құсайынды жерлеу рәсімі өтті. Оны ақтық сапарға шығарып салу үшін достары мен туыстары арнайы келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: toronto.ctvnews.ca

Фото: toronto.ctvnews.ca: UGC

Дамирдің жерлеу рәсімі 4 қаңтар күні өтті. Онымен қоштасу үшін анасы Гүлжан Бұхарова, достары, жақындары, Centennial College оқу орнындағы курстастары келді.

Марқұмның анасы ұлының музыканы жақсы көргенін, бала кезінен Канадада оқуды армандағанын айтты.

"Дамир өлеңдер мен әндерді ағылшын тілінде жазды. Өзі өнер көрсетуді де жақсы көрді", - деді ол.

Гүлжанның сөзінше, оқыс оқиға туралы естігеннен кейін ауруханаға түсіп, 31 желтоқсанға дейін ем қабылдаған.

"Мен біреу нөмірден қателесіп кетіп, барлығы жалған болса екен деп қаладым", - деген Гүлжанның сөзін CTV News жеткізді.

Дамир Канадаға бес ай бұрын келді. Ол осы елде өмір бойы қалуды армандаған.

Centennial College оқу орнында марқұм автоматика мен робототехника бойынша дәріс алды.

Қазақстандық жігіт оқыған білім ордасы Дамирдың үлгілі тәлімгер болғанын жеткізді.

"Ол өте ерекше еді. Мейірімді, ақкөңіл, әрқашан күліп жүретін жан болатын. Бұл біз үшін, колледж үшін және жалпы Торонто үшін орны толмас қаза", - деді Centennial College президенті және бас директоры Крейг Стивенсон.

Дамирдің құрметі үшін университетте марқұмның атымен стипендия тағайындалды.

Ол шәкіртақыға ие болатын студент 500 долларға ие болады (191 мың теңге)

Фото: toronto.ctvnews.ca

Фото: toronto.ctvnews.ca: UGC

Еске сала кетсек, 22 желтоқсан күні Канаданың Торонто қаласында болған жол апатынан екі студент қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.

Қаза болғандардың бірі 19 жастағы Қазақстан азаматы Дамир Құсайын еді.

Полиция шетелдік басылымға жігіттерді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін хабарлаған. Болжам бойынша, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, автокөлік рөліне ие бола алмаған. Алдымен ол автобус аялдамасына соғылып, артынша жаяу жүргіншілерді қаққан.

Белгілі болғандай, 40 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Оған 9 пункт бойынша айып тағылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық Канадада жерленді (фото)