RU
Алматы әуежайы рейс кестесінің өзгеруі мүмкін екенін ескертті

Алматы әуежайы рейс кестесінің өзгеруі мүмкін екенін ескертті

Рассказать Вконтакте

Алматы Халықаралық әуежайы өкілдері жолаушыларға рейс кестесінің өзгеруі мүмкін екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тиісті жазба әуе айлағының Facebook парақшасында пайда болды. Хабарламаға сәйкес, ауа райына, әсіресе, әуежай маңындағы қалың тұманға байланысты кестеге түзету енгізу қажеттігі туындап отыр.

Ал әуежай қалыпты режимде қызмет етуде.

Хабарламада Алматы әуежайы иеленушісі болып табылатын ICAO III санаттағы сертификаты айлаққа нашар көру жағдайында әуе кемелеріне қызмет көрсетуге рұқсат беретіні атап өтілді. Ал ол үшін әуе лайнері мен экипаж да дәл сол санатқа ие болуы тиіс.

Әуежайда тиісті рұқсат барлық әуе компанияларда жоқ екенін мәлімдеді. Соған байланысты, кестеде өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Енді компания клиенттеріне тасымалдаушы анықтамалығынан кестені нақтылап алуға кеңес беріледі.

Айта кетейік, 2019 жылы күллі әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген әуе апаттарынан кейін арнайы рейтинг құрылып, дүниежүзі бойынша ең қауіпсіз әуе компания анықталды.

Бұл саладағы зерттеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігі мен әуе компаниялар рейтингісін құрумен айналысатын AirlineRatings порталының мамандарына жүктелді.

Өткен жылдың нәтижелеріне сәйкес, аталмыш тізімде Аустралиядағы Qantas компаниясы көш бастады.

Одан бөлек, ең қауіпсіз әуекомпаниялар қатарына тағы да бес тасымалдаушы ұйым кірді: Жаңа Зеландиядан Air New Zealand, тайвандық EVA Air және Etihad пен Qatar Airways.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel