Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Instagram парақшасынан барлық суреттерді өшіріп тастады

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас аяқ асты Instagram парақшасындағы барлық суреттерін өшіріп тастап, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі бұл қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kair_n
Фото: Instagram/kair_n: Facebook

Қайрат Нұртас бұған дейін желіде өнері мен күнделікті өміріндегі жаңалықтарымен белсенді түрде бөлісіп келген болатын. Әншінің жанкүйерлері оның қай елде не істеп жүргеніне дейін осы парақшасындағы суреттерден біліп жүрген.

Алайда, жаңа жыл өте салысымен хитмен кенеттен осы уақытқа дейін жариялаған бар сурттерін өшірген. Қазіргі таңда, шоу-бизнес жұлдызының жеке парақшасында тек екі сурет қана қалған.

Оның бірі Әбу-Даби қаласындағы мешітте түскен сурет болса, екіншісі өз атымен жақында шығарған иіс суының жарнамасы.

Әншінің парақшасынан суреттер жоғалып кеткенін байқаған желі қолданушылары бірден оны сұрақтың астына ала бастаған. Кейбірі тіпті, әртістің бұл әрекетіне не түрткі болуы мүмкін екеніне қатысты болжамдарын жазған.

"Барлық фотолар қайда?" , "Неге өшіріп тастадыңыз?" , "Қайратқа не болған, тыныштық па, бүкіл суретін өшіріп, жалғыз суретінде бетін көрсетпей түскен? Одан қалса, ешбір жаңа жылдық программаларда жоқ" , "Жаңа жылдан жаңа инста ма?" , "Суреттер қайда, Қайреке?" , "Жаңа жылда шықпадыңыз ғой, күттік сізді" , "Бизнес аккаунт жасағысы келген шамасы" , "Енді мына парақшаны сатып, жаңасын ашады", "Инстаграмын басқаша кәсіби тұрғыда жүргізгісі келген шығар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жары ашық образымен желідегілердің қызу талқысына түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834755-kajrat-nrtas-instagram-paraksasynan-barlyk-suretterdi-sirip-tastady/

pixel