RU

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы үздік сұрмерген атанды

Telegram logo VKontakte logo

"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов жарақатына байланысты біраз матчқа қатыспағанымен, 2019 жылғы маусымның үздік бомбардирі атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Марин Томасов. Фото: "Астана" ФК

Марин Томасов. Фото: "Астана" ФК: Facebook

Хорватиялық легионер өткен маусымда 26 гол соғып, бұл көрсеткіш бойынша "Астана" командасының рекордын жаңартты. Ол Қазақстан премьер-лигасында 19 және Еуропа лигасында 7 голдың авторы атанды.

Бұған дейінгі рекорд 2017 жылғы маусымда 23 гол соққан Джуниор Кабанангаға тиесілі болатын. Сондай-ақ команданың үздік сұрмергендер тізіміне Патрик Твумаси (2017 жылы 22 гол), Фокси Кетевоама (2014 жылы 20 гол) және 2018 жылғы маусымда 19 голдың авторы атанған Томасовтың өзі кірді.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей чемпионатында өнер көрсететін "Оренбург" клубына ауысқанын хабарлағанбыз.

"Астана", "Оқжетпес", "Ақтөбе" клубтарында доп тепкен жартылай қорғаушының 2014 жылдан бері алматылық "Қайратта" ойнағаны белгілі.

Сонымен қатар, бұған дейін еліміздегі ең қымбат 15 футболшының рейтингі жасалған болатын. Көшбасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Астана" клубының жартылай қорғаушысы үздік сұрмерген атанды