Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Көк-Төбедегі атракционнан құлаған жасөспірімнің видеосы тарады (18+)

Опубликовано:

Алматыда келеңсіз жағдай орын алды. Қаланың көрікті жері Көк-Төбедегі атракционнан жасөспірім құлап, жарақат алды. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/t.me/kris_p_almaty_official
Видеодан кадр/t.me/kris_p_almaty_official: UGC

Видео kris_p_almaty Telegram-арнасында жарық көрді.

Роликтің 17 секундында жасөспірімнің "Керме ағаш" атракционынан ұшқанын байқауға болады.

Бұл жағдай оператор кабельді босатқаннан кейін орын алған.

Белгілі болғандай, бозбала жерден жоғарыға қарай көтеріліп, бірнеше рет ауада айналып, асфальтқа құлаған.

Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде аталған видеоның қысқартылған нұсқалары да тарап кеткен.

Оқырмандардың көпшілігі жәбірленушінің тезірек жазылып, аяқтан тұрып кетуін тіледі. Сондай-ақ, бірі бұл роликтің қорқынышты екенін, видеоны көріп үрейлері ұшқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, келеңсіз жағдай Көк-Төбедегі "Керме ағаш" деп аталатын атракционда 2 қаңтар күні орын алған.

Куәгерлер аталған оқиға салдарынан жасөспірімнің аяғы сынғанын жеткізді.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірген болатын.

Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімнің диагнозы туралы мәлімет оның ата-анасының рұқсатынсыз берілмейтінін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834759-zelide-kk-tbedegi-atrakcionnan-klagan-zasspirimni-videosy-tarady-18/

pixel