Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду 281 млн теңге тұратын сағатпен көзге түсті (фото)

Опубликовано:

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат Rolex GMT Master Ice сағатымен көзге түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/euro_scope
Фото: Instagram/euro_scope: Instagram

Шетілдік БАҚ мәліметінше, аталған аксессуардың бағасы 371 мың фунтты құрайды (281 миллион теңге).

Қол сағат ақ алтыннан жасалып, гаухар тастарымен безендірілген.

Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы Instagram арқылы ең көп қаржы тапқан жұлдыздардың тізімі жарияланған.

Көшті Криштиану Роналду бастап тұр. "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы өткен жылы 34 жарнамалық жазба жариялаған.

Осы қызметі арқылы футболшы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алды (19,8 млрд теңге).

Демек оның Instagram-дағы бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

Роналду әлемдегі ауқатты спортшылардың қатарында.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оның қазіргі уақыттағы байлығы 300 миллион еуродан асқан.

Футболшының байлығын сүйіктісіне мұра етіп қалдыратыны жайыл ақпарат та тараған болатын.

Испаниялық AS басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы өз адвокаттарымен кездесіп, аталмыш құжат мәселесін талқылап та үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1834768-ronaldu-281-mln-tege-tratyn-sagatpen-kzge-tsti-foto/

pixel