RU

Камбоджада салынып жатқан ғимарат құлап, 36 адам қаза тапты

Telegram logo VKontakte logo

Камбоджаның Кеп қаласында соғылып жатқан ғимарат құлап, 36 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа новостиге сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/KhmerTimes

Фото: twitter.com/KhmerTimes: Facebook

Ғимарат жұма күні құлаған. Алайда қаза тапқандардың нақты саны үш күндік іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған соң, жексенбі күні белгілі болған.

Құтқарушылар операция барысында жеті қабатты ғимарат үйіндісінің астынан тірі қалған 23 адам мен қаза тапқан 36 адамды шығарған.

Жексенбі күні соңғы құтқарылған, аман қалған әйел адам үйіндінің астында үш күн жатқан. Қаза болған 36 адамның 14-і әйел адам және алтауы бала.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, салынып жатқан ғимараттың иелері, ерлі-зайыптылар қамауға алған. Алғашқы тергеу нәтижелеріне сәйкес, құрылыс барысында сапасы төмен құрылыс материалдары пайдаланылған.

Сенбі күні Камбоджаның премьер-министрі Хун Сен құрылыстағы апаттың салдарынан қаза тапқандардың отбасы мемлекет тарапынан 52 мың доллар (19 млн теңге көлемінде), ал жараланғандар адам басына 10 мың доллар (3 млн 830 мың теңге шамасында) өтемақы алады деп мәлімдеген.

Кеп қаласы Камбоджаның оңтүстігінде орналасқан. Ол елдегі туристер көп келетін шаһар.

Еске сала кетсек, Непалда автобус құздан құлап, 14 адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ тағы 18 адам әртүрлі жарақат алған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Камбоджада салынып жатқан ғимарат құлап, 36 адам қаза тапты