RU

Өзбекстанда дүркіретіп той жасауға тыйым салынды

Қыркүйек айында Өзбекстанда тойлар мен салтанатты шараларды өткізудің ауқымы мен ережелері белгіленген қаулы қабылданған болатын. Аталған құжат биылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: centralasia.media
Көрнекі фото: centralasia.media: Facebook

Қабылданған ережелерге сәйкес, отбасылық іс-шараларды тек бір күн сағат 06:00 ден 23:00-ге дейін өткізуге рұқсат берілген (жерлеу рәсімін қоспағанда).

Адамдар үйлену тойын өткізу туралы кем дегенде бір апта бұрын тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі басқару органына ескертуі қажет.

Бұдан бөлек, мынандай қосымша жерлеу рәсімдерін ("етти", "пайшанбалик", "якшанбалик", "йигирма", "қирқ", "ҳайит", "йил оши", "пул тарқатиш", "мато улашиш"), және үйлену той рәсімдерін ("келин навкари", "чорлар", "ота кўрди", "сеп ёйди", "қуда чақирди", "куёв чақирди", "келин чақирди", "тоғора юбориш") өткізуге тыйым салынды.

Құжатта барлық мерекелік шаралардың 23:00-ден кейін аяқталуы тиіс екені көрсетілген. Отбасылық іс-шараларға 200 адамға дейін, ал екі жұптың тойы болғанда, 250 адамға дейін қатысуға рұқсат берілген.

Сонымен қатар, той кортежінде жүретін көліктердің саны үш жеңіл автокөліктен аспауы тиіс.

Құжатта көрсетілген талаптардың орындалуын депутаттар, "Махалла" төрағалары мен ішкі істер органдарының алдын-алу жөніндегі инспекторлары қадағалайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін көп ақша жұмсамай-ақ дүркіретіп той жасау үшін жеті кеңес ұсынған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834792-zbekstanda-drkiretip-toj-zasauga-tyjym-salyndy.html