Выйти
RU

Мысырда қайтыс болған дипломат Түркістан облысында жер қойнына берілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында дипломат Еламан Жолдасовтың жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еламан Жолдасов. Фото: Facebook

Еламан Жолдасов. Фото: Facebook

Марқұмның туысының айтуынша, жерлеу рәсімі дипломаттың туған ауылы Шарбұлақта, 31 желтоқсанда өткен.

Оның сөзінше, дипломаттың денесін отанына әкелу шығындарын еліміздің Сыртқы істер министрлігі өз мойнына алған.

Еламан Жолдасовтың әйелі мен балалары әлі де Мысыр елінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық өкілдігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі елшілік қызметкерінің зорлықпен өлтірілгені туралы қауесетке пікір білдіріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан еді.

40 жасында қайтыс болған дипломат Жолдасовтың Түркістан облысынан болғаны анықталды. Марқұмның туыстары Шымкентте тұрады.

Сонымен қатар, Еламан Жолдасовтың әйелі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, еліміздің бас прокуроры, ішкі істер министрі мен сыртқы істер министрінің атына көмек сұрап, үндеу жолдады.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасына байланысты тілшілердің сұрағына жауап беріп, әлі де тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мысырда қайтыс болған дипломат Түркістан облысында жер қойнына берілді